Армандаған автокөлігімізге отырып, адреналинды сезініп, алға қарай қарыштап ұмтылғанға не жетсін... Бүгінгі технология мен заманауи инженерия бұрын-соңды болмаған автокөліктерді құрастырып, адам таңданарлық дизайндегі суперкарларды ұсынып жатыр. Бұл, әрине, күнделікті қолданыстағы автокөліктер емес, әлемнің ең мықты кәсіби мамандарының күшімен дайындалған эксклюзивті автокөліктер. Сіздердің назарларыңызға әлемдегі ең қымбат көліктер тізімін ұсынсақ дейміз.
2015 жылы Женевада Koenigsegg Regera көлігі таныстырылған болатын. Жылдамдығы - 410 км/сағ. Ал 100 км-ге жылдамдық жинау уақыты бар-жоғы 2,7 секунд. Салмағы – 1628 кг. Бұл көліктің бағасы – 2 миллион доллар.
[caption id="attachment_74096" align="aligncenter" width="680"] Фото: img.pravda.ru[/caption]70 жылдығына орай Ferrari италияндық компаниясы жаңа модельдегі автокөлікті ұсынған болатын. LaFerrari Aperta аздаған санда шығып, ресми таныстырылымға дейін сатылып кетті. Максималды жылдамдығы – 350 км/сағ. 100 км-ге жылдамдықты 2,9 секундта алады. Салмағы – 1395 кг. Ерекше дизайн, эргономикалық салон, карбоно-керамикалық тежегіш және т.б. таңқаларлық ерекшеліктерінің арқасында бағасы 2,1 миллион долларға бірақ жетті.
[caption id="attachment_74097" align="aligncenter" width="800"] Фото: www.a777aa77.ru[/caption]2016 жылы Pagani Huayra танымал спорттық көлігінің арнайы ВС маркасымен тағы бір түрі шықты. Көліктің сыртқы және ішкі көрінісі біршама өзгерді. Салмағы стандартты моделіне қарағанда жеңілірек - 1218 кг. Ал қозғалтқышы 789 ат күшіне ие. 20 данада ғана шыққан автокөлік бағасы - 2,3 миллион еуро.
[caption id="attachment_74098" align="aligncenter" width="900"] Фото: images.cdn.autocar.co.uk[/caption]Осы жылы Aston Martin компаниясы өздерінің жаңа туындылары Valkyrie гипер көлігін ұсынды. LMP1 деңгейіндегі спорттық автокөлік талаптарының барлығына жауап береді. Қозғалтқышының қуаты – 1000 а.к. Бағасы – 3,4 миллион еуро.
[caption id="attachment_74099" align="aligncenter" width="1600"] Фото: 10expensivecars.files.wordpress.com[/caption]Bugatti Veyron көліктерін Bugatti француздық компания 2005-2011 жылдар аралығында жарыққа шығарып тұрды. 2010 жылы шыққан Bugatti Veyron Super Sport қарапайым Bugatti Veyron 16.4 моделінің жақсартылған түрі. Қозғалтқышы 1200 ат күшіне ие, максималды жылдамдығы - 431 км/сағ. 100 км/сағ. жылдамдықты жинау уақыты - 2,5 секунд. Салмағы – 1838 кг. Бағасы – 2,8 миллион доллар. Top Gear мен Robb Report журналы осы сериямен шыққан көліктерге «Соңғы он жылдықтың автокөлігі» деген атақ берген. Ал 2013 жылы шыққан Bugatti Veyron Mansory Empire Edition 100 км/сағ жылдамдықты бар-жоғы 2,4 секундта алады екен. Оған жұмсалатын қаражат – 3 миллион доллар.
[caption id="attachment_74100" align="alignnone" width="800"] Фото: www.a777aa77.ru[/caption]Патшалық автокөлік Koenigsegg CCXR Trevita 1000 ат күшіне, максималды жылдамдығы 402 км/сағ ие. Салмағы – 1280 кг. Бірақ оның басты артықшылығы – ерекше дизайні. Автокөлік салоны таза теріден, сырты карбон және алмазбен әсемделген. Соның әсерінен бағасы 4,8 миллион долларға дейін жетті. Дегенмен, 2017 жылы швейцариялық компания Koenigsegg Agera Final Edition One of 1 атты тағы бір автокөлікті шығарды. Максималды жылдамдығы – 425 км/сағ. Бағасы – 5 миллион доллар.
[caption id="attachment_74101" align="aligncenter" width="860"] Фото: autoreview.ru[/caption]Айта кету керек, әлемдегі ең қымбат көлік, көбісі ойлағандай, спорттық емес екен. Бұл - Rolls-Royce Sweptail. Бір ғана данада, маңызды клиентке арнайы дайындалған. Дизайны 30-жылдардың стилінде, ал автокөлік қозғалтқышы 12 цилиндрлі 6.75 л құрайды. Өзінің кім екендігін жасырған автокөлік иесі бұл технологияға 13 миллион доллар қаражатын жұмсаған. Бұл бағаға Bugatti Chiron көлігінің бірден бесеуін алуға болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024