Қазақстан. 25 мамыр. 7kun.kz – Forbes әлемдегі ең бай адамдардың тізімінде 19-орында тұрған Чанпэн Чжао Қазақстанға 25 мамырда келеді деп күтілуде. Ол осында 27 мамырға дейін болып, Президент Әкімшілігі, ҚР Цифрландыру және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Астана» халықаралық қаржы орталығы басшылығымен кездесуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды 7kun.kz.
Kaz Cryptoeconomy telegram-арнасы жазғандай, BINANCE негізін қалаушы ең алдымен жетекші криптовалюта биржасының Қазақстандағы және Орталық Азиядағы даму мүмкіндіктерін қарастырғысы келеді.
Чанпэн Чжао 17 мамырда ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Тимур Сүлейменовпен BINANCE-тің Қазақстандағы дамуын онлайн-режимде талқылады.
Айта кетейік, Қазақстанда сәуірде «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) базасында криптовалюталық биржаларды құру және дамыту бойынша пилоттық жобаны іске қосатыны хабарланды.
Binance – көлемі бойынша ең үлкен криптовалюталық активтердің сауда биржасын қамтитын әлемдегі жетекші блокчейндік экожүйе және инфрақұрылым жеткізушісі.
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024