Алматы. 25 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылы лаңкестік шабуылдардың саны 2017 жылға қарағанда 33%-ға азайып, 15,3 мыңға жетті. Бұл туралы IHS Markit баяндамасына сілтеме жасай отырып, Коммерсантъ хабарлайды.
Бір жыл ішінде үкіметтік емес қарулы топтар жасаған шабуылдардан 13,8 мың бейбіт тұрғын қаза тапты. Ең қауіпті террористік топ «Ислам мемлекеті» (ҚР аумағында тыйым салынған) болып қала береді , бірақ оның тарапынан жасалған шабуылдардың саны 75%-ға қысқарды.
Террористік шабуылдардың көпшілігі Ауғанстанда жасалды. Бұл елдегі шабуылдардың саны үштен бірге өсті.
Сирия екінші орынға түсіп, онда терактілер саны үштен екіге, ал құрбандар саны 50%-ға қысқарды.
Донбасста шабуылдар саны 18,4%-ға артты.
Жалпы алғанда, 2018 жылы террористік топтар әлемнің 90 елінде террактілік әрекет жасады, 2017 жылы бұл іс 116 мемлекетте байқалды.
АҚШ Мемлекеттік департаментінің мәліметтеріне сәйкес, 2017 жылы әлемде лаңкестік актілер саны 27% — ға, теракт салдарынан өлім саны 23%-ға төмендеді.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024