Ұлыбританияның Ұлттық экономикалық және әлеуметтік зерттеулер институты хабарлауынша, 2023 жылға қарай жаһандық экономиканың көлемі Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс салдарынан 1%-ға қысқарып, 1 триллион долларға тең болады.
Сонымен қатар, ұйым сарапшылары қақтығыстар салдарынан 2023 жылы жаһандық инфляция деңгейі 2 пайызға артады деп есептейді.
"Ресей мен Украина титан, палладий, бидай және жүгерінінің маңызды жеткізушілері болып саналады. Сондықтан біз осы шикізатты пайдаланатын секторлар, соның ішінде автомобиль және авиация өнеркәсібі мен смартфон өндірісіндегі проблемалар күшейе түседі деп ойлаймыз", - делінген британдық зерттеуде.
Сарапшылар Ресей экономикасы үшін жаңа санкциялардың құны энергия бағасының шарықтауымен өтелетіндігін айтады. Жаңа шектеу шаралары кері әсер тигізіп, Ресейдің жалпы ішкі өнімі биыл 1,5%-ға, ал 2023 жылдың соңына қарай 2,5%-ға қысқарады деп күтілуде. Елдегі инфляция 2022 жылы 20%-дан асуы мүмкін дейді сарапшылар.
Британдық зерттеулерге сүйенсек, қазіргі сауда байланыстары мен Ресейдің энергия жеткізіліміне тәуелділігін ескере отырып, Еуропа ең көп зардап шегетін аймақ болуы мүмкін. Бұл ретте қақтығыс экономикасы дамыған елдерге қарағанда дамушы елдерге көбірек әсер етеді.
"Біз мемлекеттік шығындардың өсуі Украинадан келетін босқындардың ағынына ықпал етіп, қорғаныс шығындарының ұлғаюына әкеледі деген пікірдеміз. Бұл Еуропаның жалпы ішкі өніміне кері әсерін тигізуі мүмкін", - дейді сарапшылар.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024