Долларға шаққанағы еуро бағамының соңғы 12 жылда минимумға құлдырауы хедж қорларына көптен күткен қолдауды қамтамасыз етті: ағымдағы жылы еуроның әлсіреуіне қойылған бәстің арқасында осы сектордың ірі ойыншыларының табысы 9%ға дейін жетті деп хабарлайды The Wall Street Journal.
Өзінің белгісіз болып қалуын қалаған бір хедж-қор басшысының айтуынша, еуро динамикасы "сала үшін көктен түскен сый болды". Ол еуроның төмендеуіне былтырдан бері қойып бастаған және пайданы бекітіп отырып, бірыңғай валютадағы позицияларды бірте-бірте қысқарта берген.
Bridgewater Associates LP ірі тобына кіретін Pure Alpha хедж-қоры үшін 2015 жылдың басы көп жылдардан бергі ең табысты жыл болды - ол еуро динамикасында қаңтар-ақпан айларында 7% пайда тапқан.
Caxton Associates LP, Moore Capital Management LP, Tudor Investment Corp. секілді жетекші макроқорлар да жақсы табыс тапқан.
АҚШ-ың Шикізаттық тауарлардың шұғыл фьючерстік сауда жөніндегі комиссияның (CFTC) мәліметтеріне сүйенсек, 10 наурыз күні таза "қысқа" позициялардың (еуроның төмендеуі мен өсуінің мөлшерлемелері арасындағы айырма) саны 181 мыңнан асып түсті, ал 2014 жылдың аяғында бұл көрсеткіш 152,2 мың болған. Бұл ретте 2014 жылдың мамырында хедж-қорлардың көбісі еуроның одан әрі нығаюын күткен еді.
2015 жылды басынан бері еуро 13%-ға арзандады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024