Соңғы бес апта ішінде WTI маркалы мұнай бағасы тағы да құлдырауын жалғастырды. АҚШ-тағы энерготасымалдаушылардың тауар қоры көбейді деген хабарламадан кейін қара алтын бағасы 1982 жылдан бері ең төменгі деңгейді көрсетті деп хабарлайды Bloomberg.
Ал бұл уақытта Brent бағасы Ирактан экспортталатын мұнайдың жеткізілуіндегі қиындықтарға байланысты көтеріле түсті. Лондон биржасында Brent маркалы мұнай бағасының сәуір айындағы фьючерсі барреліне 56,73 долларға дейін жетті. Ал Нью-Йорктаар биржасындағы электронды саудада WTI маркалы мұнай бағасы барреліне 47,67 долларды құрады.
АҚШ-тың энергетика министрлігінің мәліметінше, елдегі мұнай қоры өткен аптада 4,51 млн баррельге көбейген. Bloomberg сауалнама жүргізген сарапшылардың айтуынша, орташа болжамда 4,75 млн баррельге көбейеді деп күтілген.
Оклахома штатындағы Кушинге терминалындағы қор 2013 жылдың қаңтарынан бері 51,5 млн баррельге де ұлғайған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024