
Алматы. 22 желтоқсан. 7kun.kz – Бейсенбі күні Лондон және Нью-Йорк биржаларында өтіп жатқан электрондық сауда-саттықта мұнай бағасы қымбаттады.
Лондонның ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстері бір баррельге 0,34 долларға көтеріліп, 64,9 долларды құрады.
Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы жеңіл мұнайдың ақпан айындағы фьючерстері бір баррельге 0,27 долларға жоғарылап, 58,36 долларды құрады.