Экономика
Әлемдік құнды қағаздар нарығы шығынға ұшырап жатыр
Әлемдік құнды қағаздар нарығы соңғы екі жыл ішінде шығынға ұшырап жатыр. Сәуірдің ортасында 450 млрд доллар жоғалтты деп хабарлайды Bloomberg агенттігі Bank of America Merrill Lynch мәліметтеріне сілтеме жасап.
Сейсенбі күнгі сауда қорытындысы бойынша, бағалы қағаздардың құны 45,07 трлн долларға төмендеп, сәрсенбі күні де құлдырауын жалғастырды. Ал америкалық және германиялық мемлекеттік облигациялар нарығы 10 жылдық қағаздарды жариялағанына қарамастан шығынға ұшырап, АҚШ 24 млрд доллар, Германия 10 млрд еуро жоғалтты.
10 жылдық US Treasuries табысы апта ортасында 2,23%-ға төмендеді. Ал бір күн бұрын ол қараша айынан бергі максимум көрсеткіш 2,36%-ға жоғарылаған еді.
Орталық банк инвесторлары облигация салымдарын көбейте бастауы ірі броклер мен дилерлердің операцияларын қысқарта бастаған тұсымен тап келді. Нәтижесінде жалпы табыс рекордты минимумға жақындап, көптеген инвесторлардың шығынға батып, нарықтан кетуге мәжбүр етті.
Сәуірдің ортасында инвесторлар Еуропалық орталық банк жүзеге асыратын дефляциямен күрес бағдарламасы нәтижеге жете бастаған соң мемлекеттік облигациялар бағасының өсімі тоқтады деп шешті. Бұл уақытта инвестициялық деңгейдегі ұжымдық облигациялар 1,14%-ға ұлғайды. Алайда олар 2014 жылдың мамырындағы қағаздармен салыстырғанда 1,62% және қазіргі уақыттағы орташа долларлық табыстан 3,14%-ға азайып, эмитенттердің еуроны көбірек алуына әсер етті.