Америкалық Forbes журналы әлемнің бай рэперлерінің рейтингін жария етті. Бірінші орынды Пафф Дэдди иеленген. 2014 жылдың маусымы мен 2015 жылдың маусымы аралығында ол 60 млн доллар табыс тапқан. Бұл жөнінде Lenta.ru хабарлайды.
Тізімде жалпы саны 20 рэпер бар. Табыстар сомасына негізгі қызметтерінен бөлек, жарнама келісім-шарттары, жеке бизнестері табыстары да қосылған. Дэдди бүгінде концертті көп бере бермейді. Табысының басым бөлігін кәсіпкерлік қызметінен түскен пайдасы алып отыр. Оның Sean John бренді, Revolt телевизиялық желісінде, Aquahydrate су өндірісінде және Ciroc ішімдік өндірісінде үлестері бар.
Екінші орында - 54 млн доллар байлығы бар Jay-Z. Музыкант табысының көп бөлігін жары Бейонсемен бірлесіп жасаған 22 шоуының қаламақылары алды. Сондай-ақ, Roc Nation ойын-сауық компаниясының, Armand de Brignac шарап брендінің табыстары да қосылған.
Ең бай рэперлердің үштігін канадалық Обри Дрейк Грэм аяқтап отыр. Көпшілік оны Дрейк (Drake) деген атпен таниды. Рэпер 39,5 млн доллар тапқан. Бір жыл ішінде музыкант 50 шоу жасап, If You’re Reading This It’s Too Late альбомын шығарған. Сонымен қатар,Sprite және Nike жарнамаларына түскен.
Рейтингте Dr.Dre (33 миллион долларов), Фаррелл Уильямс (32 миллион долларов), Эминем (31 миллион долларов), Канье Уэст (22 миллион долларов) бар. Тізімдегі жалғыз әйел 21 млн доллар табысы бар Ники Минаж болып шықты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024