Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Әлемнің ең биік ғимаратында Қазақстанның туы бейнеленді

Әлемнің ең биік ғимаратында Қазақстанның туы бейнеленді

Дубай. 26 қазан. 7kun.kz – Әлемдегі ең биік ғимарат Бурдж Халифада Қазақстан туы бейнеленді, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Бурдж Халифа Қазақстан Республикасы күніне орай жанады. Халыққа өркендеу мен бейбітшілік тілейміз», – деп жазылған ғимараттың әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, 25 қазан Қазақстанда – Республика күні. Бұл күні 1990 жылы «Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Ол Қазақстанның Егемендік алуына алуына жол ашқан құжат.

Похожие материалы