Алматы. 20 қаңтар. 7kun.kz — US News & World Report сараптамалық журналы 2020 жылдағы әлемнің үздік елдерін анықтады.
Зерттеуге сәйкес, Қазақстан көрсеткішін екі позицияға жақсартып, 66-шы орынға тұрақтады. 2019 жылы республика 68-орынға ие болды.
20 мың адам қатысқан сауалнамада Швейцария әлемнің ең үздік елі деп танылды. Ал ТОП-5-ке Канада, Жапония, Германия және Австралия кірді.
«Төртінші жыл қатарынан 36 елдің тұрғындары Швейцарияны №1 ел деп таниды. Швейцария азаматтары Нобель сыйлықтарына ие, мұнда басқа елдерге қарағанда патенттер көп тіркеледі. Ал кез келген жанжалдарға қатысты мемлекеттің бейтарап позициясы әлемнің ең үлкен ақылдарын осында тартады», - деп атап өтті рейтинг құрастырушылар.
Айта кетейік, Best Countries рейтингі тоғыз көрсеткіш бойынша құрылады: кәсіпкерліктің дамуы, туристердің танымалдығы, өз азаматтарына қарым-қатынас (адам құқығын қорғау, экология және гендерлік теңдік), мәдени ықпал, тарихи мұра, даму әлеуеті, бизнес үшін ашықтық, әскери күш және өмір сапасы. Швейцария көптеген факторлар бойынша көшбасшы елдердің қатарына кіреді, ал оның ең жақсы көрсеткіші — бизнес үшін ашықтық (2 орын).
ТМД елдері арасында Әзірбайжан әлемнің үздік елдерінің рейтингісінде 61-ші орынды, Беларусь 70-ші орынды, Украина 68-ші орынды, Ресей 23-ші орынды иеленді.
Рейтингті құрастырушылар ең қуатты ел атағын АҚШ-на берді, одан кейін - Ресей мен Қытай.
Өз кезегінде, Канаданы басқа мемлекеттердің тұрғындары сенімді ел ретінде қабылдайды. Ол сондай-ақ өмір сапасы бойынша үздік деп танылды, одан кейін Дания мен Швеция орналасқан.
Сонымен қатар, Малайзия мен Қытай жаңадан іс бастаған бизнесмендер үшін әлемнің жетекші елдеріне айналды. АҚШ, Ұлыбритания және Канада білім деңгейі бойынша, ал Швеция, Швейцария және Финляндия – экология деңгейі бойынша көш бастады.
Рейтингте соңғы 73-ші орынға Ливан ие болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024