LG Electronics (LG) компаниясы 2015 жылғы техниканың жаңа модельдік қатарын ұсынды, оның ішінде иілген экранға ие бірегей OLED-теледидарлары, диагоналі 40-105 дюйм ULTRA HD 4K теледидарлары және Full HD Cinema 3D теледидарларының жаңартылған модельдік қатары. Аудио және видео өнімдердің сериясы Smart Audio сымсыз аудиожүйесімен, DJ-эффектілеріне ие X-Boom суперқуатты мини жүйесімен және саундбардың модельдік қатарымен жаңартылды. Жаңа техниканы әзірлеген кезде LG бейненің жоғары сапасына, пайдалану ыңғайлылығы мен дизайнға басымдық берді.
2015 жылғы OLED және Ultra HD үлгілерінің барлығы жетілдірілген webOS 2.0 операциялық жүйесінде жұмыс істейді. Бұл жүйе қосылудың, ауыстырудың және іздеу сервистерін жеңілдетеді.
Ultra HD 4K теледидарларының сегментінде LG компаниясы ColorPrime™ сериясын ұсынды, мұнда түсті табыстау дәлдігі артып, түстер гаммасы кеңейтілген. Түрлі жарық диодтары мен люминофорлар қолданылуының арқасында бұл серияның үлгілерінде түстің тереңдігі жоғарылап, бейненің шынайылығы артқан.
LG Smart Audio жаңа қатары бірінші Wi-Fi бар портативті аудижүйеге ие, бұл жүйе аккумулятордан (H4 Portable/NP8350) жұмыс істейді және LG Music Flow арнайы қосымшасымен басқарылады. Wi-Fi саундбарларының үлгілері (HS7/LAS750M және HS9/LAS950M үлгілері) және 3D Blu-ray DiscTM/DVD ойнатқышы (BP550) Smart Audio-ның барлық құрылғыларымен үйлесе жұмыс істейді.
Ақпарат көзі: kursiv.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024