Нұр-Сұлтан. 25 мамыр. 7kun.kz – ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов Қазақстанда мобильді байланыстың бесінші буыны, 5G-ді енгізу бойынша тапсырма берді, деп хабарлайды 7kun.kz.
primeminister.kz сайтының жазуы бойынша Смайылов Цифрландыру мәселелері жөніндегі комиссия отырысын өткізген. 5G-ді енгізу мен дамыту туралы сол жиында айтылған. Ол туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин баяндама жасады. Мусиннің айтуынша, 100-ден астам бизнес-процесс бойынша жұмыс жүруде.
Министр баяндамасында реинжиниринг туралы айтты. Ол азаматтар мен бизнеске қызмет көрсету уақытын бірнеше есе қысқартуға мүмкіндік беретін әрекет. Жалпы мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жақсартады. Азаматтар жиі жүгінетін бірқатар қызмет жеңілдеген, атап айтқанда, автокөлік сатып алу (15 мин, онлайн қызметтер арқылы қайта тіркеу), ЖШС жою (1 ай), мүгедектікті белгілеу (сырттай куәландыру мүмкіндігі), пәтерді қайта жоспарлау (1 күн), еңбекке жарамсыздық парағын алу (қашықтан) және т.б. Өзгерістер жыл соңына дейін толық енгізіледі.
Жиындағы негізгі мәселенің бірі – Қазақстанда 5G/IMT бесінші буындағы мобильді байланыс стандартын енгізу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқаны айтылды. Жүргізілген сынақтар жақсы нәтиже көрсетті: жиілікті қамтудың тиімді аймағы – 10 шаршы км астам, жылдамдық көрсеткіші – 1,6 Гбит/с дейін, кідіріс деңгейі – 10 мс кем.
2021 жылы жеке операторларға Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкентте 5G технологиясын тестілеу құқығы берілді. ҚР Премьер-Министрі 5G желілері үшін жиіліктерді бөлу тетіктерін қосымша пысықтауды және жаңа ұсыныстарды комиссия қарауына қайта енгізуді тапсырды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024