Испандық "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси әлемнің ең қымбат футболшысы атанды. Бұл ақпарат Халықаралық спорт зерттеулері орталығы (CIES) жасаған зерттеулер нәтижесінде белгілі болды деп хабарлайды Vesti.kz.
Лионель Мессидің болжалды бағасын CIES 255,3-280,8 миллион еуроға бағалаған. Рейтингте екінші орында тұрған - ағылшын "Челсиінің"жартылай қорғаушысы Эден Азар. Оның бағасы, шамамен, 135,4-148,9 миллион еуро. "Реалдық" Криштиану Роналду тізімде үшінші болды. Оның бағасы 113,3-124,7 миллион еуро шамасында. Жаңа рейтингтің алғашқы ондығы былайша орналасты: 1. Лионель Месси ("Барселона", Испания) — 255,3-280,8 миллион еуро, 2. Эден Азар ("Челси", Англия) — 135,4-148,9, 3. Криштиану Роналду ("Реал", Испания) — 113,3-124,7, 4. Неймар ("Барселона", Испания) — 89,6-98,5, 5. Серхио Агуэро ("Манчестер Сити", Англия) — 78,2-86,0, 6. Рахим Стерлинг ("Ливерпуль", Англия) — 73,7-81,0, 7. Поль Погба ("Ювентус", Италия) — 70,3-77,3, 8. Диего Коста ("Челси", Англия) — 69,9-76,9, 9. Алексис Санчес ("Арсенал", Англия) — 67,8-74,6, 10. Хамес Родригес ("Реал", Испания) — 62,5-68,8. 2015 жылдың қаңтар айында жарияланған рейтингте үздік үштіктің ішінде Месси (220 млн еуро), Роналду (133 млн еуро) және Азар (99 млн еуро) болған.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024