Премьер-министр Саад әл-Шами Ливан мемлекет ретінде және оның орталық банкі банкротқа ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды 7kun.kz.
2019 жылдың аяғынан бері Ливан ауыр экономикалық дағдарыспен күресіп келеді. Оның ішінде валютаның құнсыздануы, сондай-ақ жанармай мен медициналық тапшылық.
Дүниежүзілік банктің бағалауынша, Ливан экономикасы 2019 және 2021 жылдар арасында 60%-ға қысқарды. Бұл қазіргі таңдағы ең ауыр қаржылық дағдарыстардың бірі.
Ел валютасы өз құнының 90% жоғалтты. Бұл адамдардың азық-түлік, су, денсаулық сақтау және білім беру сияқты негізгі тауарларға қол жеткізу мүмкіндігінін айырды. Ал жанармай тапшылығына байланысты электр қуатының үзілуі жиі орын алады.
Айта кетейік, әлемдегі ең банкрот елдер тізімінде өзін 10 рет банкрот деп жариялаған Эквадор бірінші орында тұр. Одан кейін Бразилия, Мексика, Уругвай, Чили, Коста-Рика, Испания және Ресей соңғы екі жылда өздерін 9 рет банкрот деп жариялады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024