Алматы. 1 ақпан. 7kun.kz - Алматыны орап жататын заманауи жоғары технологиялық айналма жолын құру үшін және транзиттік ағындарды қала сыртынан өткізу мақсатында «Үлкен Алматы айналма автомобиль (ҮАААЖ)» жолын салу және пайдалану концессиялық жобасын іске асыру жұмыстары жүргізіле бастады деп хабарлайды ИЖД министрлігінің баспасөз қызметі.
Жобаның концессиялық міндеттемелері 512 млрд теңгені құрайды. Ол Инвестициялық шығындарды өтеу және Басқару сыйақысы (Меншікті капиталдың құны, операциялық кезеңдегі банктің пайыздары, қосымша құрылыс шығыны, қосымша операциялық шығындар, салықтар (КТС, ҚҚС), операциялық шығындар, пайдалану кезінде сақтандыру шығындары) мәселелерін қамтиды.
Концессионерге концессиялық міндеттемелерді төлеу жолдың құрылысы аяқталғаннан кейін және оны мемлекеттік меншіккеқабылдаудан кейінгі 15,5 жыл ішінде жүзеге асырылатын болады. Концессионер өзінің тәуекеліне орай өз қаржысын инвестициялайды және жолдарды салу үшін банктерден несиелік қаржы тартады. Яғни, мемлекет бюджет қаражысын жұмсамай-ақ жолдың иелігіне ала алады.
Мұндай сыртқы қаржыландыру алдағы 3 жылда жол салу үшін қажетті 150 млрд. теңгеден астам сома (ҚЖМ құны) шетелдік тікелей инвестициялардың ағыны арқылы келеді дегенді білдіреді.
Сондай-ақ, 15,5 жылда (шарттың аяқталуына дейін) бюджетке төленетін жоспарлы жинақ 231 млрд теңгені құрайды. Ал, 25,5 жылда (бірінші күрделі жөндеуге дейін) - 570 млрд теңге табыс түседі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024