Әлем. 20 сәуір. 7kun.kz – Лондон соты WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялау туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды 7kun.kz ақпарат агенттігі Reuters-ке сілтеме жасап.
Енді соңғы шешімді Ұлыбританияның ішкі істер министрі Прити Пател қабылдауы тиіс. Осыдан кейін Ассанж сот шешіміне қарсы шығуға тырысуы мүмкін.
«Ұлыбританияның соты Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялауға бұйрық берді. Ол 175 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін», – деп жаздыWikiLeaks Twitter-парақшасында.
WikiLeaks сайтына 2010 жылы АҚШ-тың мыңдаған құпия файлдары жарияланғаннан кейін Америка Құрама Штаттары журналиске 18 қылмыстық айып, соның ішінде тыңшылық туралы заңды бұзды деп айыптап тақты.
Джулиан Ассанждың өзі барлық айыптауларды жоққа шығарады.
Айта кетейік, наурызда Ассанж бен оның қалыңдығы Стелла Моррис Лондонның Белмарш қатаң режимдегі түрмесінде үйленген болатын.
WikiLeaks – жасырын дереккөздерден алынған немесе сыртқа шығарылған құпия ақпаратты жариялайтын халықаралық ұйым. Сайтты жасаушылар сайттың алғашқы жылында жинаған 1,2 миллион құжаттан тұратын ақпараттық базасы бар екенін мәлімдеді.
WikiLeaks сайтының негізін қалаушы, бас редакторы және директоры - австралиялық интернет-журналист және тележүргізуші Джулиан Ассанж.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024