Алматы. 13 желтоқсан. 7kun.kz — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет LRT құрылысы кезінде ұрлау фактілері бойынша қылмыстық істі тергеуді аяқтайды. Бұл туралы ведомствода өткен брифингте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департамент басшысы Сергей Перов мәлім етті.
Оның айтуынша, елорда әкімдігінің, "Астана LRT" шенеуніктері және жеке компаниялардың директорлары қатысқан миллиардтарды ұрлау схемалары анықталған.
"Қылмыстық схеманы Нұр-Сұлтан әкімінің экс-орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен "Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ардан шетелдік және қазақстандық компаниялардың жәрдемімен ұйымдастырды.
Олар әкімдік басқармасының басшылары Аманжолов пен Нұрпейісовтің қатысуымен 24 млрд теңгеге артық шығындарды бекітті. Бұл сомаға жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу, консультациялық қызметтер мен техникалық қадағалау шығындары кірді", – деді ол.
Сонымен қатар, мердігерлік ұйымдардың директорлары қосалқы мердігер компаниялармен қымбат бағамен жалған келісімдер жасасып, жалған кәсіпорындар арқылы ақша қаражаттарын жинаған, деп толықтырды Перов. Нәтижесінде, мемлекетке 5 млрд теңгеден астам шығын келтірілген.
Оның айтуынша, іс бойынша басшы құрамнан Нұр-Сұлтан әкімшілігінің бұрынғы бес лауазымды адамы және мердігер ұйымдардың алты басшысы тартылды. Оның ішінде бес күдікті қамауда. Тергеу барысында күнәсін үшеуі мойындау туралы шағым түсірді. Оларға қамауға алу қолданылған жоқ.
"Қамауға алу" бұлтартпау шарасы арқылы үш адам халықаралық іздестіру жарияланды – Сұлтанбеков, Ардан және Абдухамитов", – деп түйіндеді ол.
Бұған дейін Нұр-Сұлтанда LRT құрылысы кезінде қаражатты ұрлау туралы іс бойынша шығын көлемі ұлғайғаны туралы хабарланған. Соынмен қатар, Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов Халық Банкі мен "Бәйтерек" LRT құрылысын қаржыландырады деп мәлімдеді.
Еске сала кетейік, "Астана ЛРТ" ЖШС басқармасының экс-төрағасы Талғат Ардан халықаралық іздестіру жарияланғаны осы жылдың жазында белгілі болды.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024