Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк 1 ақпаннан бастап дарынды жас мамандарды іздестіру науқанын бастайды

Ұлттық банк 1 ақпаннан бастап дарынды жас мамандарды іздестіру науқанын бастайды

Алматы. 25-қаңтар. 7kun.kz — Ұлттық банк 2018 жылғы 1 ақпаннан бастап экономикалық және қаржы бағыттағы, сол сияқты юриспруденция, инженерия және құрылыс, ақпараттық технология және киберқауіпсіздік салаларында қайтадан дарынды жас мамандарды іздестіру науқанын бастайды. Бұл туралы Алматы қаласындағы баспасөз конференциясы барысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтып берді.

«Өткен екі жылда біз 1,5 мыңнан астам резюме қарадық. Іріктеу қорытындысы бойынша кадр резервіне 134 кандидат алынды. Олардың 52-сі Ұлттық банкке жұмысқа орналастырылды», - деді қаржы реттеушісінің басшысы.

Похожие материалы