Алматы. 14 шілде. 7kun.kz - Кейбір елдерде SMS-банкинг пен мобильді банкинг пайдаланушылары үшін жаңа вирустың таралу қаупі бар. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл вирус суреттер немесе өзге де мультимедиялық файлды «көруге» сілтемеден тұратын SMS-хабарлар арқылы таратылады.
Соған байланысты ҚР Ұлттық Банкі интернет және мобильді банкингті пайдаланатын телефонға хабар келген кезде қырағылық танытып, мынадай шараларды қабылдауға кеңес береді:
- Келіп түскен хабарларды мұқият қарау және белгісіз адресаттардан келген сілтемелерді ашпау, белгілі адресаттардан сілтеме алған кезде және вирус деп күдіктенсеңіз (бұған дейін бұл адресат мұндай тақырыпқа сілтеме жібермесе), сілтемені ашпағаныңыз жөн;
- Мобильді қондырғыға келіп түскен белгісіз бағдарламаларды орнату және (немесе) оларға қосымша құқық беру туралы хабарларға рұқсат бермеу;
3. Вирусқа қарсы сенімді бағдарламаны пайдалану және операциялық жүйені үнемі жаңартып отыру қажет;
4. Өзіңіз қызметтерін пайдаланатын Банктердің сайттарын не жаңалықтар жолақтары арқылы әлеуетті қауіптер мен олардың алдын алу әдістері туралы мәліметтерді үнемі қадағалап отырыңыз;
5. Төлем карточкалары және банктік шоттар (PIN-код, карточканың сырт жағындағы СVV код, Интернеттегі/мобильді банкингтегі пароль) бойынша конфиденциалды мәліметтерді (деректемелерді) үшінші тұлғаларға бермеңіз.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024