Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк ашық платформаларды құру жобасының жұмыс тобымен кездесті

Ұлттық банк ашық платформаларды құру жобасының жұмыс тобымен кездесті

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz - Ашық платформаларды (Open API)  құру жобасы шеңберінде Қазақстан Ұлттық Банкінің және екінші деңгейдегі банктердің бірлескен жұмыс тобының бірқатар кездесулері өтті.

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасына енгізілген Қаржы саласындағы Ашық платформаларды (Open API) құру бөлігінде реттеуді енгізу» жобасы шеңберінде Ұлттық банк жұмыс тобымен алғашқы кездесуін өткізді, жұмыс тобының құрамына Ұлттық банктің және  екінші деңгейлі банктердің өкілдері кіреді. Кездеудің мақсаты келесі  сұрақтарды талқылау болып табылды. Екінші деңгейлі банктер, банктердің клиенттері мен финтех-компаниялары сияқты нарықтың қатысушылары арасындағы ықпалдастықтың мүмкін болатын сызбалары және финтех-компаниялардың деректерді сақтауы жайлы сөз қозғалды. Сондай-ақ, жұмыс тобының мүшелері Заңды тұлғалар үшін Open API арқылы төлемдерді бастау үшін қызметті жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды. Сонымен қатар жұмыс тобының өкілдері ақпараттық қауіпсіздік, жіберілетін деректердің құрылымы және API – ді енгізуден туындауы мүмкін тәуекелдер жайында сөз қозғады. Жобаны іске асыру Қазақстан Республикасының қаржы ұйымдары мен финтех-компанияларының дамуын ынталандырады, қаржы нарығының қатысушылары мен қаржы компанияларымен өзара әрекеттесу рәсімдерін жеңілдетеді, қаржылық қызметтердің географиялық қолжетімділігін қамтамасыз етеді».  

Похожие материалы