Алматы. 4 қаңтар. 7kun.kz - Өткен аптада Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляков «Қазинвестбанк» АҚ лицензиясынан неге айырылғаны туралы сұрақтарға жауап берді.
Оның айтуынша лицензияны қайтарып алу туралы шешім мынадай факторлардың болуына негізделген:
Бірінші кезекте, кредиттеу кезінде тәуекелдерді бағалау мен басқару бойынша әлсіз ішкі саясат пен рәсімдерге байланысты. Мұндай қызмет пен сапалы кепілдермен қамтамасыз етілмеген несие портфелі кредиттік тәуекелдерінің қарқынды өсуіне әкелді. Атап айтқанда, кепілдер негізінен нақты активтермен емес, болашақта түсетін ақшамен және мүлікпен ұсынылған. Бұл банктің портфеліндегі осындай қарыздардың үлесі 80%-дан астам құрайды. Сонымен бірге 50% қарыз бойынша қарыз алушыларға жеңілдікті талаптар беру фактілері қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең ұсыну, сол сияқты өтеу мерзімдерін жаппай ұзарту түрінде байқалады. Кредиттік тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі рәсімдердегі кемшіліктер орнықсыз қаржылық жағдайы, мысалы, теріс меншікті капиталы, жинақталған шығындардың жоғары мөлшері бар қарыз алушыларды, берілетін кредиттердің сомаларына сәйкес келмейтін бизнесті жүргізу кірістері мен ауқымдары бар қарыз алушыларды кредиттеуге мүмкіндік берді. Банктің несие портфелінің жартысынан астамын құраған қарыздарды іріктеп талдау нәтижелеріне негізделген ең төмен бағалау бойынша, провизияларды (резервтерді) қосымша қалыптастыру бойынша әлеуетті шығындар 30 млрд. теңгеден астам құрайды, оларды біржолғы тану 20,6 млрд. теңге мөлшеріндегі теріс капиталдың туындауына әкеледі.
Екіншіден, Банкті лицензиядан айыру туралы шешім қабылданған сәтте корреспонденттік шоттардағы және кассадағы ақша қалдығы 1,9 млрд.теңге болды. Ал сол сәтте кейінге қалдырылған төлемдер сомасы шамамен 20 млрд.теңге болды. Нәтижесінде банк 2016 жылғы 14 желтоқсаннан бастап төлемдердің орындалмау фактілеріне жол берді. Барлығы 230 млн. теңгеден астам сомаға 50-ден астам төлем құжаты орындалмады. Бұдан басқа, Ұлттық Банк Банктің қызметін қадағалау шеңберінде ұзақ уақыт бойы Банк менеджментімен және оның акционерлерімен ашық сұхбат жүргізіп, Банк капиталының қабылданған тәуекелдерге барабар болмауы және өтімділіктің төмен көрсеткіштері жағдайларында Банкке қаржылық қолдауды қамтамасыз етудегі шұғыл қажеттілікті белгіледі. Соған қарамастан, Банкті барабар қайта капиталдандыру уақтылы жүзеге асырылған жоқ, ал Ұлттық Банктің кредиттеудің ішкі саясатын және рәсімдерін өзгерту бойынша талаптары уақтылы орындалған жоқ.
Ұлттық Банк Басқармасы несие портфелінің жоғары кредиттік тәуекелдері және Банктің менеджментімен және акционерлерімен сұхбат жүргізудің сындарлы нәтижелерінің болмауы фактілерін назарға ала отырып, банкті лицензиясынан айыру және Банкке уақытша әкімшілікті енгізу туралы шешім қабылдады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024