Алматы. 12 ақпан. 7kun.kz – Ұлттық банк «Салем» және Kompetenz компанияларының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына қатысты лицензияларын тоқтатты, деп хабарлайды LS.
Ұлттық банк басқармасының 2018 жылғы 29 қаңтардағы шешіміне сәйкес, «Салем» лицензиясының қолданылуы алты ай мерзімге дейін тоқтатылды.
«Жаңа сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын жасасу, оның ішінде қолданыстағы сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттарын және олардың өзгеруін, сақтандыру сыйлықақысын көтеруді, сондай-ақ, сақтандыру агенті ретінде міндетті сақтандыруды жүзеге асыруға тыйым салынады», - делінген құжатта.
Сонымен қатар, бұрын жасалған шарттар бойынша компания өз міндеттемелерін орындауға міндетті.
Сондай-ақ, Ұлттық банк үш ай мерзімге дейін Kompetenz-тің лицензиясын тоқтатты.
Ұйымда жаңа сақтандыру келісімшарттарын жасасуға, соның ішінде қолданыстағы сақтандыру келісімшарттарын ұзартуға, сондай-ақ агент ретінде сақтандыру делдалдығын жүзеге асыруға тыйым салынады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024