2015 жылдың қазан айынан бастап Ұлттық банк Қазақстан қор биржасындағы валюталық интервенция жүргізу көлемін төмендетті. Бұл туралы LS хабарлайды.
5 қазан күні қаржы басқарушы орган ұлттық валютамызды қолдау үшін 54,5 млн доллар жұмсады. Салыстыра кетсек, 2 қазан күні 106,5 млн доллар, ал 1 қазан күні 119,9 млн доллар салған болатын. Жарты ай ішінде Ұлттық банктің интервенциялауға салған ақшасы 1 млрд 438,55 млн долларды құрады. Ең минимал валюта нарығына жұмсаған ақша 25 қыркүйек күні болды. Ол күні реттеуші 41,95 млн жұмсаған. Валюталық интервенция 2015 жылдың 16 қыркүйегінен Ұлттық банктің 144 млн доллар салғанынан басталған еді. 30 қыркүйек қорытындысы бойынша Ұлттық банктің жұмсаған ақшасы 1 млрд доллардан асты.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024