Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк "Күлтегін" ескерткіш монеталарын шығарды

Ұлттық банк "Күлтегін" ескерткіш монеталарын шығарды
Алматы. 4  қараша. 7 kun.kz - "Дала қазынасы" сериясымен  500  теңгелік  номиналда  «Күлтегін» ескерткіш монеталары шығарылды. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінен хабарланды.  Монеталардың  бетінде (аверсінде) оюлы гүлөрнек, ішкі бетінде елтаңба және қазақ, орыс тілдерінде «Қазақстан Республикасы деген жазу бар. Төменгі бөлігінде  монетаның  номиналын  білдіретін  «500 теңге» деген  жазу, жоғарғы  бөлігінде  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық  Банкінің  логотипі  орналасқан. Айналық  бетінде  жіңішке  ою-өрнегі  бар. Монеталардың  периметрі  бойынша  жалпақ  жиек  жүргізілген, онда  шекілген уақытын білдіретін «2016» және монетаның  металлдан  дайындалғанын, массасы  мен  сынамасын  білдіретін  «Ag 925 31.1g» жазуы  бар. Монетаның екінші бетінің (реверсінде) ортасында «тасқа» тотыққан бедер  орналасқан, онда атақты  Орхон  кешеніндегі  руналық  жазбаларды  қалдырған  түрік  қолбасшысының  мүсінінің  бейнесі  бар. «Proof»  сапасымен  жасалған  ескерткіш  монеталар  коллекциялық  құны  бойынша  сатуға  арналған. Олар  кәдесый  орамында  және  нөмірлік сапа  сертификатымен  жабдықталған. Максималды тиражы – 5 мың дана. Монеталарды Ұлттық банктің барлық бөлімшелерінен және www.nationalbank.kz сайтындағы интернет-дүкен арқылы алуға болады

Әйгерім ӘБІЛЕЗ «7»

Похожие материалы