Алматы. 27 қазан. 7kun.kz - ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты (ҚМЭБИ) университетінің студенттеріне дәріс өткізді.
Дәріс барысында Ұлттық банк төрағасы орталық банктер қызметінің негізгі функциялары мен бағыттары, сондай-ақ орталық банктер пайдаланатын ақша-кредит саясатының түрлі режимдері туралы айтып берді. Елдің төлем балансына және оның өзгерістеріне ықпал ететін факторларға қатысты мәселелерге ерекше назар аударылды.
Студенттерді Ұлттық банктің Үкіметпен өзара іс-қимылы, зейнетақы активтерін инвестициялау және зейнетақымен қамсыздандыру, Ұлттық банктің криптовалюталарға қатысты көзқарасы мәселелері қызықтырды.
Данияр Ақышев Ұлттық банкте ҚМЭБИ түлектерінің жұмыс істейтінін айтып берді және студенттерді университетті аяқтаған соң ҚРҰБ-дағы бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурсқа қатысып, бақ сынауға шақырды. Бұл ретте ол экономикалық мамандықтарда оқып жатқан студенттердің елімізде және әлемде орын алып отырған қаржылық жағдайды жақсы түсінуге тиіс екендігін атап өтті.
Ұлттық банк төрағасының қатысуымен осындай дәрістер Қазақстанның ең үздік университеттерінде тұрақты негізде өткізілетін болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024