Экономика
Ұлттық Банк төрағасының орынбасары: "Халыққа доллар курсын бақылап отыру не үшін қажет?"
ҚР Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов халық мемлекеттің валюта нарығындағы өзгерістерді бақылап отырмауы керек деп есептейді.
"Халыққа доллар курсын бақылып отыру не үшін қажет?",- деді ол мәжілістің жалпы отырысының аясында. Сондай-ақ, ол Ұлттық банктің KASE-ге не себепті валюталық интервенциялар жүргізгенін де түсіндіріп өтті. "Біз алыпсатарлықтың валюта нарығында тағы да болатынын түсіндік, сондықтан да Ұлттық банк интервенция жүргізуге қатысты",-деді ол. Бірақ Қ.Қожахметов валютаық интервенцияның алдағы көлемін және Ұлттық банктің әлі қанша уақыт бойы доллар бағамын теңгеге қатысты реттеп отыратынын айта алмады. "Мынадай сан деп, не мынанша уақыт деп мен сізге айта алмаймын. Қазір ұстап тұрмыз. Барлығы алыпсатарлардың әрекетіне қатысты. Доллардың теңгеге қатысты бағамы көптеген факторларға байланысты болады",- деді ол. Сонымен қатар Қ.Қожахметов ақша айырбастау пунктерінің не себепті шетел валютасын ғана қабылдап жатқандығын да түсіндіре алмады. "Талдау жүргізіп, әзірге ақпараттар жинастырып жатырмыз. Бұның өзі валюта нарығында айырмашылықтың көп болмауы үшін жасалуда. Әзірге бұл жағдайдың өзгеруіне ешқандай себеп жоқ",- деп жауап беруге тырысты ол. Ал теңгенің еркін айналымға түскенінен халық пайда тапты ма деген сұраққа, ол тек басын шайқады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024