Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық банк төрт айда интервенция жүргізген жоқ

Ұлттық банк төрт айда интервенция жүргізген жоқ

Алматы. 10 қаңтар. 7kun.kz - Ұлттық Банк 2016 жылғы қыркүйектен бастап желтоқсанға дейін төрт ай қатарынан валюта нарығында өктемдік жүргізген жоқ. Бұл туралы журналистерге брифинг кезінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

Бағамның қалыптасуына Ұлттық Банктің араласпау саясатының нәтижесі ел резервін қалпына келтіруге бірте-бірте әсер етеді.

«Ұлттық Банктің алтынвалюта резервтері желтоқсанның соңында, бастапқы деректер бойынша, жыл басынан бастап $1,9 млрд долларға ұлғайып, $29,8 млрд долларды құрады. Ұлттық қордың шетел валютасындағы валюта активтері жылдың соңында $61 млрд. доллар болды. Жалпы халықаралық резервтер $90,8 млрд. немесе ІЖӨ-ден 68% болды», – деді Д. Ақышев.

Похожие материалы