Ұлттық банк «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) саудаларында валюталық интервенция жүргізуін жалғастырды. 2 қазан реттеуші ұлттық валютаны қолдау мақсатында 106,5 млн доллар жұмсады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.
Осылайша, Ұлттық банк жалпы көлемі 1 млрд 384,05 млн доллар болатын валюталық интервенция жүргізді. Еске салайық, интервенция 16 қыркүйектен басталып, Ұлттық банк нарыққа 144 млн доллар салған еді. 30 қыркүйектегі Ұлттық банктің интервенциялауға жұмсаған қаражаты 1 млрд долларға жетті.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024