Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық экономика министрлігінің жаңа вице-министрі тағайындалды

Ұлттық экономика министрлігінің жаңа вице-министрі тағайындалды

ҚР Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев  министрлік ұжымына  жаңа тағайындалған вице-министрі Айдар Арифхановты таныстырды, деп хабарлайды ҰЭМ баспасөз қызметі.

Айдар Арифханов Қазақ мемлекеттік басқару Академиясын бітірген. 2000 жылы ҚР СІМ Дипломатиялық академиясын үздік бітіріп шықты. «Болашақ» Президенттік бағдарламасы аясында Колумбия университетін бітірді және 2008 жылы экономикалық саясатты басқару бағдарламасы бойынша мемлекеттік әкімшелендіру магистры дәрежесін алды. Айдар Арифханов әр жылдары ҚР Қаржы вице-министрі, ҚР  Премьер-министрі Кеңсесі бастығының орынбасары, ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау вице-министрі, ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі, ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ Басқарушы директоры лауазымдарында жұмыс істеген. 2011 жылғы мамыр айынан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарған. Фото: inform.kz

Похожие материалы