Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық қор қаржысы қайда жұмсалды?

Ұлттық қор қаржысы қайда жұмсалды?

Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Ұлттық қордан бөлінген қаржыны игеру мәселесі бойынша жиналыс өткізді. Қордан бөлінген 200 млрд теңгенің 192,7 млрд-ы 1069 жобаға жұмсалған.

Оның атап өтуінше, мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен "Бәйтерек" холдингіне өңдеу өнеркәсібі саласындағы кәсіпкерлік субьектілерін қолдау үшін қаржы бөлінген. Шағын және орта кәсіпкерлік субьектілерін қаржыландыруға 2014-2015 жылдары 200 млрд теңге, ірі кәсіпкерлік субьектілерін несиелендіруге 100 млрд теңге жұмсалды. 100 млрд теңгенің 50,9 млрд теңгесі химиялық өндіріс, металлургия, азық - түлік тауарларын өндіру саласындағы 47 жоба арқылы игерілді. Тағы 70 жобаға 75,3 млрд теңге қаржы бөлінбек. Отырыс қорытындысы бойынша, "Бәйтерек" басқарушы холдингіне, "Даму" қоры және Қазақстан Даму банкіне Ұлттық қордан бөлінген қаржыныс игеру жұмысын қадағалау тапсырылды.

Похожие материалы