Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық валюта бағамы аздап нығайды

Ұлттық валюта бағамы аздап нығайды

Алматы. 26 шілде. 7kun.kz – 2018 жылдың 26 шілдесіндегі Қазақстан қор биржасының (KASE) күндізгі сессиясында доллардың орташа бағамы 346,04 теңгені құрады.

KASE ақпараты бойынша, күндізгі сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 345,58 теңге, ең жоғары – 346,25 теңге, жабылу курсы – 345,45 теңге болды. Доллар бойынша сауда көлемі 46 млн 350 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 165.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 15:40-та 347,5 теңге, Алматыда – 347,9 теңге.

Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты екі сессиясының нәтижесінде доллардың орташа бағамы 345,91 теңге болды.

Похожие материалы