Астана. 5 желтоқсан. 7kun.kz – Ұлттық банк инфляция бойынша 2023 жылға арналған болжамды 7,5-9,5%-тен 11-13%-ке дейін көтерді, деп хабарлайды 7kun.kz.
Базалық сценарийдегі болжам айтарлықтай қайта қаралды.
«2022 жылдың соңына дейін инфляция 20-21% шегінде қалыптасады. Біз 2023 жылғы 1-тоқсанда жылдық инфляцияның шарықтау шегіне жететінін болжап отыр. Жоғары инфляциялық болжамдар мен дезинфляциялық сыртқы ортада инфляция бойынша болжам 2023 жылдың соңына қарай 11-13%-ке дейін көтерілді. 2024 жылы инфляция 7-9%, 2025 жылы 4-6% шегінде болжанады», – деді Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов.
Сондай-ақ Ұлттық банк болжамынша, жалпы ішкі өнімнің өсімі 2022 жылы 2-3%, 2023 жылы - 3-4%, 2024-2025 жылдары – 3,5-4,5% деңгейінде болады.
Айта кетейік, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров мәжілісте базалық сценарий бойынша 2023 жылы инфляция 7,5-9,5% деңгейінде белгіленгенін айтақ еді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024