Алматы. 25 қазан. 7kun.kz — Банк клиенттерінің валюталық шоттарынан қаражаттың жылыстауы және валюталық своптар бойынша операциялар Ұлттық банктің алтын-валюта резервтерінің 1,2 млрд долларға - 27,7 млрд долларға дейін қысқаруына себеп болды, деп хабарлады Ұлттық банк төрағасының орынбасары Мадина Әбілқасымова.
"Банктердің своптары бойынша операциялармен және клиенттердің валюталық шоттарынан шетелдерге қаражаттың жылыстауымен Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері 6,8%-ға немесе 1,2 млрд долларға қысқарып, 27,7 млрд долларды құрады. Ұлттық қордың 59,4 млрд АҚШ долларын құрайтын активтерін есепке ала отырып, халықаралық резервтер 88,2 млрд АҚШ долларын құрады", - деді ол Парламент Сенатында республикалық бюджет туралы заң жобаларын және 2020-2022 жылдарға арналған трансферттерді таныстыру барысында.
Әбілқасымова қыркүйек айының қорытындысы бойынша Қазақстандағы жылдық инфляция 5,3%-ды құрағанын, ал азық-түлік өнімдері бір жылда 9,1%-ға өскенін еске салды.
Оның айтуынша, бюджеттік әлеуметтік шығындардың өсуі - проинфляциялық фактор. Алайда, ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша Ұлттық банк инфляция 5,7-5,8% құрайды деп болжайды.
"Мұнай нарығы ішкі валюта нарығына қысым көрсетуді жалғастырып жатыр. Қыркүйек-қазан айларында мұнайдың құны – 57,7 АҚШ долларына дейін (бір баррель үшін) көтерілді. Осы уақытта доллар құны 385,27 теңгеден 390,12 теңгеге дейін өзгерді", – деді Әбілқасымова.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024