Астана. 26 қазан. 7kun.kz – Ұлттық банктің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/– 1 пайыздық дәлізімен жылдық 16%-ға дейін көтеру туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды 7kun.kz.
«Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 17%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 15% болады», – делінген ҰБ хабарламасында.
Хабарланғандай, Қыркүйек айының нәтижесі бойынша инфляция болжамнан айтарлықтай асып түсті. Негізгі факторлар сұраныстың артуы, фискалдық серпін, өндіріс шығындарының өсуі, сыртқы инфляцияның әсері, Ресей рублінің айырбас бағамының тұрақты сақталуы нәтижесінде болды.
«Бұл көрсеткіштер инфляция мен бағаның тұрақтануына қысым жасайды. Мұның бәрі 2023 жылы инфляцияны бақылауда ұстау үшін барынша қатаң ақша-кредит талаптарын қажет етеді», – делінген хабарлмада.
Айта кетейік, 2022 жылғы қыркүйекте жылдық инфляция болжанған көрсеткіштен айтарлықтай ауытқып, 17,7% құрады.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024