Алматы. 28 тамыз. 7kun.kz – Бүгін ҚР Ұлттық банкі «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-ның банктік және өзге де операцияларды және бағалы қағаздар нарығында қызметті жүргізуге үшін берген № 1.2.48/232 лицензиясын қайтарып алғаны туралы хабарлады.
Бұған себеп - «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңның бірнеше бабын, сондай-ақ Банктің ірі қатысушысының уәкілетті органның қосымша капиталдандыру жөніндегі талаптарын орындамаған.
Ұлттық банктің хабарлауынша банктің активтері мен міндеттемелері үлесінің төмен болуына байланысты (0,2%) Банкті лицензиядан айыру басқа қаржы ұйымдар үшін қауіп тудырмайды.
Кеше Ұлттық Банкі Төрағасының № 325 бұйрығымен уақытша әкімшілік тағайындалған. Оған Банктің барлық басқару органының өкілеттіктері өтті. Уақытша әкімшілік сот тарату комиссиясын тағайындағанға дейін жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, бүгіннен бастап құқықтық актілерінде көзделген шығыстарға, Банкке түскен ақшаны есепке алуға байланысты жағдайларды қоспағанда, клиенттердің және Банктің өзінің банктік шоттары бойынша барлық операция тоқтатылды. Ұлттық Банк ары қарай заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа Банктің қызметін мәжбүрлеп тоқтату туралы өтінішпен жүгінеді.
Банк жеке тұлғалардың депозиттеріне міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатындықтан, салымшыларға белгіленген тәртіппен кепілдік өтемақысы төленеді. Барлық туындаған сұрақтар бойынша «Эксимбанк Қазақстан» АҚ-тың уақытша әкімшілігінің басшысы Ләйла Серікқызы Қадыроваға +7 (727) 250-06-00 телефоны бойынша өтініш жасауға болады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024