Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық Банк коллекциялық монеталарды айналысқа шығарады

Ұлттық Банк коллекциялық монеталарды айналысқа шығарады

Алматы. 4 желтоқсан. 7kun.kz –  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2018 жылғы 5 желтоқсанда номиналы 500 теңге күмістен, «Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясынан «С. Айтбаев «Бақыт» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.

"«С.Айтбаев «Бақыт» монетасы ұлттық мәдениетіміздің байлығын танымал етуге және Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі бағыттардың толық аясын (графика, мүсін, бейнелеу, мозаика және т.б.) ашып көрсетуге арналған «Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясын жалғастырады" , - дейді Ұлттық Банкте.

Монеталар түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып дайындалған. Монета шаршы пішіндес 37х37 мм. Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1 грамм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 500 дана.

Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған, оларды ҚР  Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ Интернет – дүкені арқылы сатып алуға болады.

Похожие материалы