Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2018 жылғы 12 желтоқсанда номиналы 100 теңгелік, күмістен және танталдан «Зодиак белгілері» сериясынан «Тоқты», «Арыстан», «Мерген», «Торпақ», «Бикеш», «Тауешкі», «Суқұйғыш», «Егіз», «Таразы», «Балықтар», «Шаян», «Сарышаян» биколорлы коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.
Коллекциялық монеталардың дизайны жартастағы сурет стилистикасында орындалған. Әрбір орнатылған танталдың түсі монета арналған стихияның түсіне сәйкес келеді.
Монеталар әрбір зодиак белгісіне сәйкес келетін он екі түрде жасалған. Монеталар түс өзгерту технологиясын қолдана отырып күмістен және танталдан дайындалған.
"Монеталардың бет жағында (аверсінде) «ҚАЗАҚСТАН ҰЛТТЫҚ БАНКІ» деген жазба, зодиак белгілері, түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып орындалған күннің стильдендірілген бейнесі орналасқан. Монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін «100 ТЕҢГЕ» деген жазба бар. Оң жағында монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925 10g» және «Ta 15g» деген жазбалар, соғылған жылын білдіретін «2018» деген жазба орналасқан" , - дейді Ұлттық Банкте.
Сонымен қатар, монеталардың сырт жағында (реверсінде) зодиак шоқжұлдыздарының стильдендірілген бейнелері, олардың схемалық белгіленуі және тиісті атаулары бар.
Монеталар сегіз қырлы. Монеталар 925/1000 сынамды күмістен және танталдан дайындалған, жалпы массасы – 25 гр. (күміс сақина массасы 10 гр., танталдан ішкі диск массасы 15 гр.), диаметрі – 38,61 мм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – әрбір түрінен 1 000 дана.
Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.
Айта кетейік, монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024