ҚР Ұлттық Банкі қаржылық тұрақтылық үшін тәуекелдерді күшейте отырып, валюталық интервенцияларды жүргізуді жалғастырады. Бұл туралы Ұлттық Банк басшысы Ғалымжан Пірматов айтты.
«Ұлттық банк нарықтық айырбастау бағамдарына кедергі келтірмей және айырбас бағамының белгілі бір деңгейінінің таргеттелуін болдырмай, еркін құбылмалы айырбас бағамы бар инфляциялық таргеттеу режимін ұстануды жалғастырады. Бұл ретте біз қаржылық тұрақтылық үшін тәуекелдер күшейген жағдайда валюталық интервенцияларды жүргізетін боламыз», - деді Пірматов сейсенбідегі Үкімет отырысында.
Ол Ұлттық банкте барлық қажетті құралдар барын және оларды «ақылға қонымды тәсілмен» пайдаланатындығын айтты.