Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық Банк төлем карталарының банкаралық жүйесін коммерциялық пайдалануға берді

Ұлттық Банк төлем карталарының банкаралық жүйесін коммерциялық пайдалануға берді

Алматы. 30 маусым. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі төлем карточкаларының банкаралық жүйесін коммерциялық пайдалануға берді, деп хабарлады бейсенбіде реттеушінің баспасөз қызметі.

«ТКБЖ-ны құру және оны іске қосу – төлем карточкалары нарығының қауіпсіздігін және үздіксіз жұмыс істеуін, қазақстандық банктер үшін ішкі есеп айырысулардың кепілдігін қамтамасыз етеді», – делінген хабарламада.

Жүйені әзірлеу Visa, Mastercard және UnionPay халықаралық төлем жүйелерімен және төлем карточкаларының нарығына қатысушы банктермен өзара тығыз байланыста жүзеге асырылды.

ТКБЖ-ны құру аясында жергілікті карточкалық инфрақұрылым жасалып, тиісті нормативтік құқықтық база қалыптастырылды. Сонымен бірге қазақстандық банктер эмиссиялаған төлем карточкалары бойынша жергілікті операцияларды өңдеуді ұйымдастыру бойынша ХТЖ-мен келісімдер жасалды.

«Қазіргі уақытта ТКБЖ-ға төлем карточкаларымен қызмет көрсететін банктер қосылған. Банктердің жергілікті карточкалық транзакцияларының трафигін аудару, оның ішінде банк жүйелерін бейімдеу және халықаралық төлем жүйелерімен өзара іс-қимыл процестерін қайта баптау бойынша қажетті жұмыстар жүргізілді», – делінген ҰБ хабарламасында.

Айта кетейік, ТКБЖ операторы – «ҚРҰБ Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы» РМК – Қазақстан Ұлттық Банкінің еншілес ұйымы.

Похожие материалы