Алматы. 11 желтоқсан. 7kun.kz – ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев валюта нарығында теңге бағамы 2018 жылғы 11 айда 11,8%-ға әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 371,56 теңгені құрағанын айтты. Бұл туралы, ҰБ баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Ұлттық Банкі өзгермелі айырбастау бағамы режимін қамтамасыз етеді. Бұл бағамның Ұлттық Банктің қатысуынсыз валюта нарығындағы сұраныс пен ұсыныс әсерімен ғана қалыптасатынын білдіреді. 2018 жылы теңгенің әлсіреуі соңғы айларда мұнайдың әлемдік бағасының серпініне, АҚШ долларының дамушы елдердің валюталарына қатысты нығаюына, АҚШ ФРЖ мөлшерлемесінің өсуіне, Ресей рублінің әлсіреуіне байланысты болды», - деп түсіндірді Д. Ақышев.
Бас банкир, Қазақстан Ұлттық Банкі нысаналы мәндерді белгілемейді және айырбастау бағамы үшін қандай да бір индикаторды пайдаланбайтынын мәлімдеді.
"Қазіргі өзгермелі айырбастау бағамы саясатының бұрынғы саясаттан негізгі айырмашылығы – бұрын мемлекет Қазақстан Ұлттық Банкі арқылы теңге бағамын өзгерту уақыты мен мөлшерін өз қалауымен айқындады. Қазір бағамды экономика мен қоғам дербес айқындайды. Ол саяси шешімдер мен оқиғаларға тәуелді емес. ",- деді Ақышев.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024