Алматы. 14 қаңтар. 7kun.kz – ҚР Ұлттық Банкі коллекторлық агенттіктерге қатысты 7 санкция мен шектеулі ықпал ету шарасын қолданды. Бұл шаралар 2018 жылдың төртінші тоқсанында анықталған заң бұзушылықтар бойынша қабылданды.
Ұлттық Банкке қарыз алушылардан коллекторлардың заңсыз іс-қимылдарына қатысты өтініштер түсуде. Негізгі шағымдар борышкермен Заңның 5-бабында айқындалған өзара іс-қимыл тәртібін бұзуға байланысты орын алып отыр. Анықталған бұзушылықтардың қорытындысы бойынша коллекторлық агенттіктерге қатысты 7 (жеті) санкция мен шектеулі ықпал ету шарасы, оның ішінде:- айыппұл салу және өндіріп алу түрінде 4 санкция («Фёрст Коллекшн» коллекторлық агеттігі» ЖШС, «Қайнар» коллекторлық агеттігі» ЖШС, "СВД" коллекторлық агеттігі» ЖШС, «Кредит Коллекшн Груп» коллекторлық агеттігі» ЖШС, «Паритет» коллекторлық агеттігі» ЖШС, «Бірінші Коллекторлық Бюро» коллекторлық агеттігі» ЖШС, «Кредит Коллекшн Груп» коллекторлық агеттігі» ЖШС);
- жазбаша ұйғарым түрінде 3 шектеулі ықпал ету шарасы ("СВД" коллекторлық агеттігі» ЖШС, «Кредит Коллекшн Груп» коллекторлық агеттігі» ЖШС, «Паритет» коллекторлық агеттігі» ЖШС, «Бірінші Коллекторлық Бюро» коллекторлық агеттігі» ЖШС) қолданылды.
Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





