Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық қордың ақшасы балалардың жеке шотына аударылады

Ұлттық қордың ақшасы балалардың жеке шотына аударылады

Астана. 14 желтоқсан. 7kun.kz – «Ұлттық қор – балаларға» жобасы 2024 жылдан бастап іске қоспақ. Кәмелетке толмаған барлық балаға жеке шот ашылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Тимур Жақсылықов айтты, деп хабарлайды 7kun.kz.

«Ұлттық қор – балалар үшін» бастамасын 2024 жылдан бастап іске қосу тәсілдері әзірленуде. Кәмелетке толмаған барлық балаға жеке шот ашылады.

«18 жасқа дейінгі барлық балаға жеке жинақтаушы шоттар ашылады, оларға жыл сайын қаражат түседі. Шот операторы ретінде «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» анықталды», – деді вице-минстр.

Оның айтуынша, шотта жиналған қаражатты кәмелетке толған кезде ғана пайдалануға болады. Жобаны іске қосу үшін заңнамалық өзгерістер 2023 жылы қабылданбақ.

Айта кетейік, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 1 қыркүйектегі халыққа Жолдауында «Ұлттық қор – балаларға» атты түбегейлі жаңа бағдарлама басталатынын жариялады. Ол боайынша, Ұлттық қордың жыл сайынғы инвестициялық табысының 50%-і балалардың арнайы жинақтаушы шотына 18 жасқа толғанға дейін аударылады. Қаражатты мерзімінен бұрын шешіп алуға тыйым салынады. Ақшаны баспана сатып алуға және білім алуға жұмсау қарастырылады.

Похожие материалы