Алматы. 13 қараша. 7kun.kz — 2019 жылдың қаңтар-қазанында Ұлттық қорға 2,2 трлн теңге түсті. Бұл өткен жылдың 10 айына қарағанда 3,5%-ға аз (2,3 трлн теңге).
Ең үлкен көлемді Атырау облысы (984,9 млрд теңге), БҚО (500,5 млрд теңге) және Маңғыстау облысы (407,1 млрд теңге) қамтамасыз етті.
Сонымен қатар, Қызылорда облысы 159,6 млрд теңге, Ақтөбе облысы – 106,3 млрд теңге, Нұр-Сұлтан – 50,2 млрд теңге, ал Алматы облысы – 9,9 млрд теңге төледі.
Түркістан облысынан түскен түсімдер 8,3 млрд теңгені, ШҚО-нан – 3,1 млрд теңгені, Алматы облысынан – 132,6 млн теңгені, Жамбыл облысынан – 11,9 млн теңгені, Қарағанды облысынан – 4 млн теңгені, ал Ақмола облысынан – 2,9 млн теңгені құрады.
Өз кезегінде Павлодар облысы Ұлттық қорға тоғыз айда 1,2 млн теңге, Шымкент – 349 мың теңге аударды.
Ал СҚО мен Қостанай облысынан 10 ай ішінде түсімдер жүргізілген жоқ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024