Алматы. 29 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 383,46 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,61 теңге / $1) ұлттық валюта 3,85 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 382 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 384,45 теңге, жабылу курсы бір долларға 384,45 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 37 млн 100 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 75.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 385 теңге, Алматыда – 386 теңге.
Ұлттық Банктің 29 желтоқсандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 380,44 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024