Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі артты

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі артты

Алматы. 28 маусым. 7kun.kz – 2019 жылғы мамыр айының соңында резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 2,0%-ға ұлғайып, 17 491,6 млрд теңгені құрады.

Заңды тұлғалардың депозиттері 8 984,2 млрд теңгеге дейін 3,5%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 8 507,4 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға ұлғайды.

Ұлттық валютадағы депозиттер көлемі бір айда 10 646,6 млрд теңгеге дейін 5,2%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы – 6 845,0 млрд теңгеге дейін 2,6%-ға төмендеді. Долларландыру деңгейі 2019 жылғы мамырдың соңында 39,1% болды (2018 жылғы желтоқсанда – 48,4%).

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2019 жылғы мамырда 5 757,4 млрд теңгеге дейін 9,8%-ға ұлғайды, шетел валютасындағы – 3 226,8 млрд теңгеге дейін 5,9%-ға төмендеді (заңды тұлғалар депозиттерінің 35,9%-ы).

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 889,2 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға, шетел валютасындағы – 3 618,1 млрд теңгеге дейін 0,6%-ға ұлғайды (жеке тұлғалар депозиттерінің 42,5%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 0,5%-ға ұлғайып, 11 736,8 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымында ұлттық валютадағы салымдар 7 131,8 млрд теңгені, шетел валютасындағы салымдар 4 605,0 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 7,2%-ды (2018 жылғы желтоқсанда – 7,1%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 9,3%-ды (10,4%) құрады.

Похожие материалы