Алматы. 8 ақпан. 7 kun.kz – Ресейлік «Лукойл» компаниясы жақын арада Каспийдегі кен орындарын игеру жөнінде Қазақстанмен жаңа келісімге қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл туралы компанияның президенті Вагит Алекперов мәлімдеді, деп хабарлайды ТААС агенттігі.
Оның айтуынша, Қазақстан заңнамасына енгізілген өзгерістерден кейін, ол инвесторлар үшін тартымды бола бастады.
«Сондықтан да, осында қалыптастырған құзыретті кеңейтіп, сақтап қалу біз үшін өте маңызды», - деп атап өтті Алекперов.
Естеріңізге сала кетейік, "Лукойл" компаниясы Қазақстанда 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Компания бірнеше тау-кен жобаларына, сондай-ақ Каспий құбыр консорциумына қатысады.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024