"ЛУКОЙЛ" өзіне келтірілген айтарлықтай залал себебінен Лондонда қытайлық Sinopec-ке байланысты арбитраж рәсімін бастады деп хабарлайды ресейлік компания.
Компанияның мәлімдеуінше, Sinopec Қазақстандағы көмірсутек өндіру туралы төрт жобада үлесі бар Caspian Investment Resources Ltd. компаниясының 50%-ын сатып алу туралы мәміледен бас тартқан.
Мәміленің жалпы құны - 1,2 млрд. доллар. Сатып алу-сату туралы келісімге қол қою бір жылдай бұрын, яғни 2014 жылдың 15 сәуірінде хабарланды.
«Sinopec компаниясы «ЛУКОЙЛ» тарапынан келісімді бұзу болып табылатын мәмілеге қол қоймады. Ал, бүгін «ЛУКОЙЛ» өзіне келтірілген айтарлықтай залал себебінен Лондонда қытайлық Sinopec-ке байланысты арбитраж рәсімін бастады», - делінген «ЛУКОЙЛ» хабарламасында.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024