Экономика
Ұлыбритания шетелдіктерге жаңа салық еңгізуді жоспарлап отыр
1 қазан. Алматы. 7kun.kz - Ұлыбритания премьер – министрі тереза Мэй The Sunday Times газетіне берген сұхбатында болашақта шетелдіктердің үй сатып алуына қосымша салық еңгізуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Премьер – минстрдің айтуынша бұл бастама арқылы Ұлыбританиядағы үй бағасының өсуін тоқтатуға болады.
Тереза Мэйдің ұсынысына сәйкес Британиядағы салық төлемейтін адамдар мен кәсіпорындар мүлік сатып алу барысында баж түрінде қосымша 1%-дан 3%-ға дейінгі аралықта ақы алады. Сонымен қатар бұл салықтан жиналған бюджет кірістері үйсіздермен күрес бағдарламасына аударылмақ.
Бұл идеяның қай уақытта жүзеге асатының премьер – министр нақтыламады, алайда бұл ұзақ мерзімді жұмыс екенін еске салды.