Лондон. 29 тамыз. 7kun.kz - Ұлыбритания Қазақстанға 74 мың фунт стерлинг (31,82 миллион теңге) бөлуді жоспарлап отыр. Бұл туралы корольдіктің Қазақстандағы елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Баспасөздің мәліметінше, аталған қаржы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияны жүзеге асыруды қолдау ретінде беріледі.
Елшіліктің хабарлауынша, бұл туралы Ұлыбританияның Еуропа және Америка істері жөніндегі мемлекеттік министрі Алан Данканның 30-31 тамыздағы Астанаға сапары аясында жариялайды.
Сэр Данкан халықаралық қауіпсіздіктегі ортақ іс-қимылдарға ерекше назар аудара отырып, Ұлыбритания мен Қазақстанның өзара қатынасын ары қарай бекіте түсуге ықпал етуді көздейді.
Осы сапар аясында ҚР премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен және ҚР СІМ министрі Қайрат Әбдірахмановпен кездеседі. Сонымен қатар жергілікті азаматтық қоғам мен Chevening британ стипендиясының бітрушілерімен кездесу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, 1991 жылдан бері Ұлыбританияның Қазақстанға тікелей инвестициясы 25 млрд доллардан асты.
Дереккөз: abctv.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024